Get Mystery Box with random crypto!

Арғы атам ер түрік, Біз қазақ еліміз. Самал тау, шалқар көл, С | Qumyran

Арғы атам ер түрік,
Біз қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл,
Сарыарқа жеріміз.
Сай сайлап, мал айдап
Сайрандап, иен жайлап,
Ерке өскен Арқаның
Еркесі серіміз.
Біз жүрген алаштың
Шын кемеңгеріміз!
Егессек ел бермес
Еңіреген еріміз.
Бұғаудан босаған,
Біз долы арыстан.
Долданса болмайтын,
Жаңа дәу періміз!