Get Mystery Box with random crypto!

Абай мен Мәшһүр-Жүсіп бір-бірінің аты-жөніне сырттай қанық бол | @Belgisizūly.

Абай мен Мәшһүр-Жүсіп бір-бірінің аты-жөніне сырттай қанық болса да, әлі жүздесіп, көріспеген кездері болса керек.
Бірде, тобықты еліне жолы түскен Мәшһүр-Жүсіп арнайы сәлем беру үшін Абай ақынның үйіне келеді. Босағадан аттай берген Мәшһүр-Жүсіпке Абай тосын сауал қойыпты:
– Ақынның даңқы өзінен қырық күн бұрын жетеді деген, атыңа қанық едім, затыңды көрейін, айтшы кәне, Құдай қайда, жұмақ пен тозақ қайда?!Сонда Мәшһүр-Жүсіп мүдірместен:
– Абайдың Құдайы қайда екенін білмеймін. Менің Құдайым кеудемдегі жүрегімде. Ал, жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ ақымақ болса – тозақ! - деп жауап қайырыпты.
Абай есті сөзді естігеніне риза болған шыраймен: «Мәшһүр десе дегендей екенсің!» - деп, қолын алып, төрін ұсыныпты дейді.


Ақселеу Сейдімбек