Get Mystery Box with random crypto!

@Belgisizūly.

Logo of telegram channel belgisizuly — @Belgisizūly. B
Logo of telegram channel belgisizuly — @Belgisizūly.
Channel address: @belgisizuly
Categories: Pictures and photos
Language: English
Subscribers: 1.39K
Description from channel

Сезім тамшылары…

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


The latest Messages

2021-09-04 07:41:01 Ақшаға баспана сатып алуға болады, бірақ «үй» сатып ала алмайсың;
Ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ «уақыт» сатып ала алмайсың;
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ жайлылық сатып ала алмайсың;
Ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ мәдениет сатып ала алмайсың;
Ақшаға дәрігерді сатып алуға болады, бірақ мықты денсаулық сатып ала алмайсың;
Ақшаға дәреже сатып алуға болады, бірақ құрмет сатып ала ала алмайсың ;
Ақшаға қан сатып алуға болады, бірақ өмір сатып ала алмайсың ;
Ақшаға құмарлық сатып алуға болады, бірақ махаббат сатып ала алмайсың.

Қытай нақылы
48 viewsMarat Äbdiramankhan, 04:41
Open / Comment
2021-09-03 07:13:01 Еліткен елес - сезімді,
Аспаған белестерімді,
Даналық дәрістерінде,
Бермеген кеңестеріңді,
Әлі де іздеп жүрмін...

Сұраққа жауаптарыңды,
Беретін сабақтарыңды,
Биікке самғауым үшін, Сыйлайтын қанаттарыңды,
Әлі де іздеп жүрмін...

Жазбаған сол бір дәптерді, Шаттыққа толы сәттерді, Сағымның ақ тұманынан, Келмеске кейде кеткенді,
Әлі де іздеп жүрмін...

Бақыт деп аталатынды,
Мәңгілік махаббатымды,
Тәңірден таралғы болған,
Өзгермес адам атымды.
Әлі де іздеп жүрмін...

Анық қой өлшемі-дағы,
Іздеген нәрсемнің бәрі,
Кей кезде сезілер маған,
Мені де , іздеп жүргендей...
Әлі де іздеп жүргендей...

@Belgisizuly.
62 viewsMarat Äbdiramankhan, edited  04:13
Open / Comment
2021-09-02 18:10:26 Тұнық түн...
Құшағы,
Қиялым құс болып ұшады.
Аспанда жұлдыздар жымыңдап,
Түн келіп ай нұрын құшады.
Сыр ұқтым...

Толған ай...
Мейірлі,
Емістеу естимін кей үнді.
Мың ойым кенеттен ғайып боп, Көңілдің кірбіңі сейілді.
Жалғаны-ай...

Жұлдыздар...
Жылт еткен,
Алыстан талықсып,сыр жеткен.
Күдік пен үміттің тартысы,
Көңілге бір келіп,бір кеткен.
Түнгі ызғар...

Аспанда...
Пәк айдың мөп-мөлдір,
Жанарда...
Жасы тұр ілініп.
Түс атты кітапты оқуға,
Көздерім барады жұмылып...

@Belgisizuly.
66 viewsMarat Äbdiramankhan, edited  15:10
Open / Comment
2021-09-02 09:20:14 Мысал (аударма)

Ах,– деді тышқан,– мына әлем күннен күнге тарылып бара жатыр. Басында ол өте кең болды, мен қорқыныштан не істерімді білмедім, ары қарай жүгіре бердім, жүгіре бердім, ақырында бұл қабырғаларды оңынан да, солынан да көру бақытына ие болдым, бірақ мына ұзын қабырғалар тым жылдам қосылуда, тіпті соңғы бөлмедемін, ал анау бұрышта мені тосып қақпан тұр.
- Саған тек бағытыңды өзгерту қажет,– деді де мысық оны жеп қойды.

Франц Кафка

Аударған : @Belgisizuly.
71 viewsMarat Äbdiramankhan, 06:20
Open / Comment
2021-09-01 16:33:01 Мейірімге шөлдеу, суға қаталағаннан қиын. Ашудың аптабы, күннің ыстығынан қатты. Жанның күйзелуі, жер сілкінуінен де ауыр. Көздің жасы, теңіз суынан ащы. Сағыныш мұңы, ұйытқыған желден ызғарлы. Жылы сөз бен риясыз күлкіге жететін бұл әлемде ешбір дәрі жоқ. Жүрегіңнің түбіне үңіл, сезім бұлағының көзін аш. Материалдық дүниелерден қарағанда жанды баурар сезімдер әлдеқайда маңызды.

@Belgisizuly.
240 viewsMarat Äbdiramankhan, 13:33
Open / Comment
2021-08-31 10:46:01 Абай мен Мәшһүр-Жүсіп бір-бірінің аты-жөніне сырттай қанық болса да, әлі жүздесіп, көріспеген кездері болса керек.
Бірде, тобықты еліне жолы түскен Мәшһүр-Жүсіп арнайы сәлем беру үшін Абай ақынның үйіне келеді. Босағадан аттай берген Мәшһүр-Жүсіпке Абай тосын сауал қойыпты:
– Ақынның даңқы өзінен қырық күн бұрын жетеді деген, атыңа қанық едім, затыңды көрейін, айтшы кәне, Құдай қайда, жұмақ пен тозақ қайда?!Сонда Мәшһүр-Жүсіп мүдірместен:
– Абайдың Құдайы қайда екенін білмеймін. Менің Құдайым кеудемдегі жүрегімде. Ал, жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ ақымақ болса – тозақ! - деп жауап қайырыпты.
Абай есті сөзді естігеніне риза болған шыраймен: «Мәшһүр десе дегендей екенсің!» - деп, қолын алып, төрін ұсыныпты дейді.


Ақселеу Сейдімбек
128 viewsMarat Äbdiramankhan, 07:46
Open / Comment
2021-08-31 10:34:01 Ұстаз - саған бірдеңе үйреткен емес, сен бір нәрсе үйренген адам.

@bilgiś
82 viewsMarat Äbdiramankhan, 07:34
Open / Comment
2021-08-30 07:42:01 Қоқыс шығарушы иіссу дүкеніне кіріп қалып, есінен танып құлап түсіпті. Оның есін жиғызуға әрекеттенгендердің ісі ешбір нәтиже бермепті.
Сол сәтте олардың жанынан тағы бір қоқыс шығарушы өтіп барады екен. Ол құлап жатқан кісіге шапанының шалғайын иіскете қойыпты. Қоқыс жинаушы есін жиып, қуанышпен:
- Қандай әдемі иіс, - депті.

Ыдырыс Шах
84 viewsMarat Äbdiramankhan, 04:42
Open / Comment
2021-08-29 12:37:01 "Жүз жасаған бiр қария қолына асасын ұстап, садақтай иiлген бүкiш еңсесiн төмен тастап, аяңдап бара жатқанын көрген бiр жiгiт оны мазақтап: «Ей, Шайық, сiз осы иiлген садақты қаншаға сатып алдыңыз, айтшы мен де сатып алайын» дегенде, Шайық: «Сабыр етiп көп жасасаң, бұл садақты саған тегiн бередi», - деп жауап берiптi."

Кабсунамадан
96 viewsMarat Äbdiramankhan, 09:37
Open / Comment
2021-08-29 07:36:01 Ескендiр Зұлқарнайын дүниенi шарлап, жер шарының көптеген мемлекеттерiн "өзiне бағындырады, ақыры өз елiне қайтып бара жатқанда ажалы жетiп өлдi. Өлер алдында айтқан ақтық өсиетiнде: «Менi табытқа салып, оның бiр жағын тесiп қолымды шығарып, алақанымды ашық күйiнде қойыңдар да, сонан кейiн табытты көтерiңдер. Жалпы жиналған жұрт көрсiн. Бүкiл дүниенi билесем де, дүниеден қолым бос кетiп бара жатыр. Жинадық, тердiк, тастап кеттiк! Иелендiк, әурелендiк, бiрақ қолда еш нәрсенi де ұстап тұра алмадық», -дептi.

Кабсунамадан
96 viewsMarat Äbdiramankhan, 04:36
Open / Comment