Get Mystery Box with random crypto!

Еліткен елес - сезімді, Аспаған белестерімді, Даналық дәріст | @Belgisizūly.

Еліткен елес - сезімді,
Аспаған белестерімді,
Даналық дәрістерінде,
Бермеген кеңестеріңді,
Әлі де іздеп жүрмін...

Сұраққа жауаптарыңды,
Беретін сабақтарыңды,
Биікке самғауым үшін, Сыйлайтын қанаттарыңды,
Әлі де іздеп жүрмін...

Жазбаған сол бір дәптерді, Шаттыққа толы сәттерді, Сағымның ақ тұманынан, Келмеске кейде кеткенді,
Әлі де іздеп жүрмін...

Бақыт деп аталатынды,
Мәңгілік махаббатымды,
Тәңірден таралғы болған,
Өзгермес адам атымды.
Әлі де іздеп жүрмін...

Анық қой өлшемі-дағы,
Іздеген нәрсемнің бәрі,
Кей кезде сезілер маған,
Мені де , іздеп жүргендей...
Әлі де іздеп жүргендей...

@Belgisizuly.