Get Mystery Box with random crypto!

Тұнық түн... Құшағы, Қиялым құс болып ұшады. Аспанда жұлдызда | @Belgisizūly.

Тұнық түн...
Құшағы,
Қиялым құс болып ұшады.
Аспанда жұлдыздар жымыңдап,
Түн келіп ай нұрын құшады.
Сыр ұқтым...

Толған ай...
Мейірлі,
Емістеу естимін кей үнді.
Мың ойым кенеттен ғайып боп, Көңілдің кірбіңі сейілді.
Жалғаны-ай...

Жұлдыздар...
Жылт еткен,
Алыстан талықсып,сыр жеткен.
Күдік пен үміттің тартысы,
Көңілге бір келіп,бір кеткен.
Түнгі ызғар...

Аспанда...
Пәк айдың мөп-мөлдір,
Жанарда...
Жасы тұр ілініп.
Түс атты кітапты оқуға,
Көздерім барады жұмылып...

@Belgisizuly.