Get Mystery Box with random crypto!

@Belgisizūly.

Logo of telegram channel belgisizuly — @Belgisizūly. B
Logo of telegram channel belgisizuly — @Belgisizūly.
Channel address: @belgisizuly
Categories: Pictures and photos
Language: English
Subscribers: 1.39K
Description from channel

Сезім тамшылары…

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


The latest Messages 2

2021-08-28 10:41:25 Жүректі әуестікке барынша үйір етпеу керек, тыныштықты берік сақтаған жөн, сонда барлық заттар өз-өзінен өзгере бастайды, бізге тек олардың қайта оралуын сырттай бақылау ғана қалады. Өмірде заттардың әртүрлілігі басым, бірақ олардың бәрі өз бастауларына қайта…
97 viewsMarat Äbdiramankhan, edited  07:41
Open / Comment
2021-08-28 10:30:13 Жүректі әуестікке барынша үйір етпеу керек, тыныштықты берік сақтаған жөн, сонда барлық заттар өз-өзінен өзгере бастайды, бізге тек олардың қайта оралуын сырттай бақылау ғана қалады. Өмірде заттардың әртүрлілігі басым, бірақ олардың бәрі өз бастауларына қайта оралады. Бастауға қайта оралу тыныштық деп аталады, ал тыныштық – негізге қайта оралу. Негізге қайта оралу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылық ілімі айқындыққа жету деп аталады, ал тұрақтылықты білмеу бұлғақ пен жамандыққа алып келеді. Тұрақтылықты білетіндер – жетілгендер; кім де кім жетіле бастаса әділетті бола түседі.

Лао-цзы
90 viewsMarat Äbdiramankhan, 07:30
Open / Comment
2021-08-28 08:26:21 Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұяламын.

Шаһкәрім Құдайбердіұлы
83 viewsMarat Äbdiramankhan, 05:26
Open / Comment
2021-08-27 17:55:20 .....
94 viewsMarat Äbdiramankhan, 14:55
Open / Comment
2021-08-26 09:58:01 Шындыққа отқа қарағандай қара: жақындама – күйесің, ұзап кетпе – тоңасың.

Диоген
110 viewsMarat Äbdiramankhan, 06:58
Open / Comment
2021-08-26 09:57:01 Александр Македонский мен Диоген – Аристотельдің шәкірттері болған. Македонский жеңімпаз патша болды, Диоген дүниені тәрк етіп, бөшкені баспана етті. Кезекті жорыққа аттанып бара жатқанда Македонский Диогеннің бөшкесінің жанына тоқтап, "не тілегің бар айт, орындап кетейін", - депті. "Күннің көзін қалқаламай былай тұршы", - депті Диоген. "Егер мен Александр болмасам, Диоген болар едім", - деген екен сонда Македонский серіктестеріне. Ал, Диоген: "Мен Диоген болмағанда, Диоген болар ем" депті.

"Ғибрат"
111 viewsMarat Äbdiramankhan, 06:57
Open / Comment
2021-08-25 16:25:22 Бүгін "сезім" жайлы сыр шертейін. Тас қаланың қаурыт тіршілігі мен у-шуы қажытқан жарымжан көңіл әлдебір жұбаныш іздеп шарқ ұратыны бар. Қарап тұрсаңыз, "жақын да болса алыс, алыс та болса жақын" деп адамға қатысты айтылса керек. "Ластықтың" сан түрін көріп, естіп, сезіп жүрген жұмсақ жүректі түнек басып, адамдардан жерініп, ол да суи түседі. Тек... Жүректің ең аяулы тұсынан орын алған, көңіл көкжиегінде жарқыраған жылы бейне соның бәріне дауа. Ойың онға, санаң санға бөлінгенде күміс күлкі мен тәтті үнді естісең болғаны аласұрған асау толқындар саябыр тауып, жаныңа тыныштық орнайды. Ол қуанса қоса шаттанып, ол мұңайса түнеріп кететінім, ол бақытты болып, көзінен моншақ төгілмесе деген дүниеуи емес тілегімнің тым шынайылығына кейде өзім де таңғалам. Есімі дұғамда, бейнесі жадымда жаңғырған сол бір пәк көңілді, риясыз жан сана биігінде жылы жымиып тұрғандай...

@Belgisizuly.

#143
110 viewsMarat Äbdiramankhan, 13:25
Open / Comment
2021-08-25 08:42:01 - Сенің қолыңдағы не?
- Бақыт...
- Неге ол осынша кішкентай?
- Ол тек менікі... Көрдің бе, қандай әдемі және нұр шашып тұр...
- Иә, тамаша!
- Бір түйірі керек пе?
- Мүмкін болса...
- Алақаныңды тос, мен бөліп берейін...
- Оой, қандай жып-жылы!
- Ұнады ма?
- Қатты ұнады... рақмет! Білесің бе, бақыт қолымда тұрғанда, маған сондай жақсы-ы...
- Ылғи да солай.
- Ал мен де біреуге бөліп берсем ше?
- Онда өзіңдегі бақыт та ұлғаяды!
- Неге?
- Өзім де білмеймін. Білетінім – содан соң ол бұрынғыдан да жылы бола түседі.
- Қолыңды күйдіріп жібермей ме?
- Қолды қайғы күйдіреді... Бақыттан қол күймейді! Өзіңдегі бір түйір бақытты, кімнің бақытты болуын қаласаң, солармен бөліс! Оның қаншасы саған қайтып оралатыны маңызды емес, өйткені бақытты сатуға болмайды ғой... Мен саған өзімнің тіп-титтей бақытымнан бөліп бердім , сенде де бақыт болсын дедім...

"Ғибрат"
150 viewsMarat Äbdiramankhan, 05:42
Open / Comment
2021-08-24 16:31:01 Бүгінгі істерің - отырғызған жеміс ағашы. Ертең жемісін жер кезде ащы болып қалмауына көңіл бөл.

@Belgisizuly.
106 viewsMarat Äbdiramankhan, 13:31
Open / Comment
2021-08-24 08:26:01 Бір бай кісі халық арасында жарыс жариялайды: бақыт сезімін қағаз бетіне түсіре алатын ең жақсы суретшіге мыңдаған ақша жүлде берілетін болады. Жарысқа көптеген суретші қатысады. Бірнеше апта бойы бір-бірінен өткен әдемі суреттер салынады. Жарыс соңында қазылар алқасы екі суреттен ең жақсысын таңдай алмай қиналып қалады. Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суреті болды. Айнадай болғаны соншалық, көлдің бетіне айналасындағы таулардың бейнесі шағылып тұрды. Көлдің үстінде "аппақ, мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім қараса бірден "Қандай жарастық, тыныштық. Бақыт осы болар" деп ойлайды.Басқа суретте таулар салынған. Бірақ тік, күрделі таулар. Күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы сурет онша көңіл көтеретіндей емес-ті. Бірақ суреттегі сарқыраманың қасында кішкентай құстың бейнесі тұр еді. Қасында ұясы тұр. Кішкентай құс судың ортасына ұя салған. Бақыт пен ғанибеттің керемет үлгісі. Жеңімпаз болып осы сурет атанды. Өйткені, бақыт қиындық пен тапшылықтың болмаған жерінде емес, барлық қиындықтарға қарамастан жүрегімізде жарастық таба білуде жатады.

"Ғибрат"
117 viewsMarat Äbdiramankhan, 05:26
Open / Comment