🔥 Burn Fat Fast. Discover How! 💪

Александр Македонский мен Диоген – Аристотельдің шәкірттері бо | @Belgisizūly.

Александр Македонский мен Диоген – Аристотельдің шәкірттері болған. Македонский жеңімпаз патша болды, Диоген дүниені тәрк етіп, бөшкені баспана етті. Кезекті жорыққа аттанып бара жатқанда Македонский Диогеннің бөшкесінің жанына тоқтап, "не тілегің бар айт, орындап кетейін", - депті. "Күннің көзін қалқаламай былай тұршы", - депті Диоген. "Егер мен Александр болмасам, Диоген болар едім", - деген екен сонда Македонский серіктестеріне. Ал, Диоген: "Мен Диоген болмағанда, Диоген болар ем" депті.

"Ғибрат"