🔥 Burn Fat Fast. Discover How! 💪

Бүгін 'сезім' жайлы сыр шертейін. Тас қаланың қаурыт тіршілігі | @Belgisizūly.

Бүгін "сезім" жайлы сыр шертейін. Тас қаланың қаурыт тіршілігі мен у-шуы қажытқан жарымжан көңіл әлдебір жұбаныш іздеп шарқ ұратыны бар. Қарап тұрсаңыз, "жақын да болса алыс, алыс та болса жақын" деп адамға қатысты айтылса керек. "Ластықтың" сан түрін көріп, естіп, сезіп жүрген жұмсақ жүректі түнек басып, адамдардан жерініп, ол да суи түседі. Тек... Жүректің ең аяулы тұсынан орын алған, көңіл көкжиегінде жарқыраған жылы бейне соның бәріне дауа. Ойың онға, санаң санға бөлінгенде күміс күлкі мен тәтті үнді естісең болғаны аласұрған асау толқындар саябыр тауып, жаныңа тыныштық орнайды. Ол қуанса қоса шаттанып, ол мұңайса түнеріп кететінім, ол бақытты болып, көзінен моншақ төгілмесе деген дүниеуи емес тілегімнің тым шынайылығына кейде өзім де таңғалам. Есімі дұғамда, бейнесі жадымда жаңғырған сол бір пәк көңілді, риясыз жан сана биігінде жылы жымиып тұрғандай...

@Belgisizuly.

#143