🔥 Burn Fat Fast. Discover How! 💪

Имам ағзам Әбу Һанифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде д | Imanee public

Имам ағзам Әбу Һанифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясына жанжал шығарып, түнімен ұйықтамай ел-жұрттың да, имамның да мазасын алатын.
Сол көршісі бірде абақтыға қамалады. Имам болған мән-жайға қаныққан соң, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатып алыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, өзінің бұл қылығына ұялған жігіт: «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге босатып әуреледіңіз?» – деп сұрапты. Сонда имам ағзам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін» – деп жауап беріпті.
Мұны естіген әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі.
#hadis