🔥 Burn Fat Fast. Discover How! 💪

Қазіргі еліміздегі індеттен қатты қиындық көріп жатырмыз. Көпт | Imanee public

Қазіргі еліміздегі індеттен қатты қиындық көріп жатырмыз. Көптеген жақындарымыз сырқаттанып, бұл дүниемен қоштасыпта жатыр. Осындай қиын қыстау кезде адам жаны күйзеліске ұшырап, байбалам салуда.
Адам баласына тағдырдың жазуымен сан түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Тек соған сабыр етіп, келер күнге деген үміт пен сенімді жоғалтпай сабырмен қарау ләзім. Ислам тарихына көз жүгіртсек, Пайғамбарымыз (ﷺ) мұсылмандардың ең арқа сүйер тұлғасы болатын. Сахабалар қандай таршылыққа, қиыншылыққа немесе аштық халге келсе, алдымен Алла Елшісінің қасынан табылатын. Пайғамбарымыз (ﷺ) олардың қиыншылықтарына материалдық һәм рухани қолдау көрсетіп, жеңілдетуге жәрдемдесетін. Демек, мұсылманның қиыншылықтағы ең үлкен қалқаны ол – сабыр екені сөзсіз.
Алланың разылығы үшін барынша байыптылық таныта біліңіз. Себебі, бұл біздің басымызға жіберілген үлкен сынақ екенін ұмытпауымыз керек.
#quran